бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 16.01.2023 16:12

Илья Ильин көпшілікке сүйіктісін көрсетті

Фото: vesti.kz

Танымал қазақстандық ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин көпшілікке сүйіктісін көрсетіп, оны ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Илья Ильин Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бәрін тыныш жасағымыз келген, алайда олай болған жоқ? Достар, танысып қойыңыздар, Ильина Татьяна Андреевна - менің жұбайым! Құттықтап жатқан жандардың бәріне рақмет", - деді ол. 

Бұған дейін БАҚ-та Илья Ильиннің екінші рет үйленгені хабарланған.