бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 5 16.01.2023 18:43

Танымал актер әрі әнші Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды

Фото: instagram.com/vkikabidze

Әнші әрі актер Вахтанг Кикабидзе 84 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik сайтына сілтеме жасаған Teznews.kz порталы хабарлайды.

Әншінің о дүниелік болғанын оның продюсері де растады. Кикабидзе көпшілік көрерменге "Мимино" фильмі арқылы танылды. Оның әндерінен бөлек, жиырмаға жуық кинокартинасы бар. Вахтанг Кикабидзе 1938 жылы Грузияда өмірге келген. 1963 жылы шет тілдері институтын тәмамдаған.

2021 жылы Кикабидзенің әйелі, Грузияның еңбек сіңірген әртісі, прима-балерина Ирина Кебадзе дүние салды. Олар елу жыл бойы қол ұстасып өткен. Әнші өмірінің соңғы жылдарында Грузиядағы ірі оппозициялық партияның мүшесі болды. Вахтанг Кикабидзе мидың қатерлі ісігіне де шалдыққан.