бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 17.01.2023 8:11

Раим Ерке Есмаханмен бірге түскен суретін жариялады

Фото: instagram.com/raimkzt

Әлеуметтік желіде қос әнші Ерке Есмахан мен Раимның шетелде тамақтанып отырған суреті пайда болды. Жұлдызды жұпты бірге көрген тыңдармандары таңданысын жасырмады, деп жазады Bugin.kz порталы.

Суретті Instagram желісіне Раим жариялаған. Алайда сурет астына еш жазба қалдырмады. Кейінірек бұл суретті Раимның фан парақшасы жариялады. Ал Раимның өнеріне ғашық арулар мұндай тосын жаңалық күтпегенін айтып, түрлі пікір қалдырды. "Қолыңдағы меңді дәл тапқан адамға оскар беру керек", "Неге Ерке?", "Соңына дейін сенбедім ғой", "Келесісі кім екен", "Бұларға бақытты болуға болмайды ма? Бақытты болсын", "Ұйықтап тұрғанда түсім болса екен", "Раим енді сенің әндеріңді тыңдамаймын", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, жыл басында шетелге саяхаттаған Ерке Есмахан жанында сүйіктісінің бар екенін айтқан болатын.