сейсенбі, 2 шілде 2024
Технология 12 17.01.2023 13:41

TikTok әлеуметтік желісі қазақ тіліне аударылды

Фото: catherineasquithgallery.com

Қысқа видеолар жариялауға мүмкіндік беретін TikTok интерфейсі қазақ тіліне аударылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Қазақ тілін таңдау опциясы Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның кейінгі жаңартылуында пайда болған. TikTok қосымшасында интерфейс тілін кез келген уақытта өзгертуге болады. Тіл баптауларын өзгерту үшін мына қадамдарды орындау қажет:

1. Төменгі оң жақ бұрыштағы «Профиль» түймесін басыңыз.

2. Баптауларды ашу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш жол белгішесін түртіңіз.

3. «Параметрлер және құпиялылық» түймесін басыңыз.

4. «Қолданба тілі» түймесін түртіңіз.

5. Тізімнен қазақ тілін немесе басқа тілді таңдаңыз.

Айта кетейік, TikTok - қысқа видеолар жариялауға арналған қосымша. Компания өкілдері бұған дейін де платформада қандай контент жариялауға болатынын және неге тыйым салынатынын түсіндіретін TikTok қауымдастығының қазақ тіліндегі ережелерін ұсынған болатын.