бейсенбі, 4 шілде 2024
Шоу-бизнес 6 17.01.2023 14:9

Өмірқұл Айниязов: «Қызымның дүниеге келуі ерекше бақыт болды»

Фото: 365info.kz

Отандық әнші Өмірқұл Айниязов өмірге қызы келгеннен кейін әке бақытын сезінгенін айтты. "Әке бақыты" бағдарламасында әнші тұңғышынан кейін екінші сәбиді 21 жыл күткенін баяндап берді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

"21 жаста үйлендім. Ұлың болсын, қызың болсын ол жаста қуана білуге, бағалай білуге жастау болған сияқтымыз. Өзім бала болып жүргенде, балалы болған сияқтымын. Есімде, үшінші курсқа өткен уақыт еді. Тойлап, сабаққа біраз уақыт бармай, апайлардан сөз естіген кезім болған.

Біз Нұртуғаннан (ұлы - ред) кейін 21 жыл балалы бола алмай, көп күттік. Жас кезімде ұлды болдым, қатты сезім болмады деп ойлаймын. Ал Айсезім өмірге келген кезде мүлде басқа сезімде болдық. Қазірдің өзінде Айсезіммен барлық уақытымды өткізуге тырысамын. Сонымен бақыттымын. Сондықтан мұның бәрі әке бақытымен байланысты.

Ұлды болғаннан кейін 21 жыл екінші баланы күту, мен үшін және менің отбасым үшін қиын уақыттар болды. Қазір мен ерекше әке бақытын сезініп жүрген сияқтымын. Қызымды қалай жақсы көрсем де, ұлым түсінеді деп ойлаймын. Біздің өмірімізге Айсезімнің келуі - ерекше бақыт болды", - деді Өмірқұл Айниязов.

Сонымен қатар Өмірқұл Айниязов қызының болашағына қатысты армандары барын да жасырмай айтып берді.

"Арманым - қызым қазақша сөйлеп, ойлай алатын, тілі мен дінін жақсы білетін, инабатты, ибалы қыз болса деймін.