бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 7 18.01.2023 15:39

«Жұмыстан шығаруы әбден мүмкін»: Ереуілшілер Тоқаевқа үндеу жолдады

Фото: paryz.kz

Ереуілге шыққан KKC-Sicim ЖШС жұмысшылары Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Бүгін KKC-Sicim ЖШС жұмысшыларының ереуілге шыққанына үшінші күн болды.

16 қаңтарда кәсіпорынның мыңнан астам жұмысшысы бірінші рет ауысымына келмеді. Олар жалақыны 50 пайызға көтеруді талап етіп, ереуілге шықты. 

18 қаңтарда олар тағы да жұмысқа шықпады. 

«Бізді жұмыстан шығаруы әбден мүмкін, бірақ тым болмағанда біздің орындарға келгендерге қалыпты жалақы төленуін қалаймыз», - деді ереуілге қатысушылардың бірі.

Бейсенбі күні бас директор Джузеппе Роделли Италиядан Ақсайға келеді.

KKS-Sicim - магистральдық мұнай және газ құбырларын салумен айналысатын итальяндық SICIM және қазақстандық "Қазкомсервис" бірлескен кәсіпорны, KPO консорциумының мердігері.

 

 

 

 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Публикация от bugin.kz (@buginkz)