сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 6 18.01.2023 17:44

"Алтын басын төрге шығарамын": Ерке Есмахан Раимға деген сезімі жайлы айтты

Фото: ernur.kz

Белгілі әнші Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде өнердегі әріптесі, әнші Раимға деген сезімін білдіріп, жазба қалдырды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы. 

"Қазақ ер азаматтың басын алтынға теңеп, ерекше құрметтейді. Әр қазақ отбасындағы тәрбие сондай. Үлкен болсын, кіші болсын ер адамды сыйлайды. Менде дәл бүгін жүрегімнің иесіне ризашылығымды білдіргім келіп тұр. Мен үшін, біз үшін, біздің махаббатымыз, болашағымыз үшін әлемге қарсы тұрып, өз қазағымыздан мені қорғап, "өсек, хайп" атты майданда жүр Райымбек батыр... Батыр атына лайық жігітім иманымен, ержүрек шыншылдығымен, қарапайымдылығымен, риясыз мені сүйе алатын ақынжанды болмысымен ерекше. Тым тұйық болса да, мен жан сырын өте жақсы түсінем. Жанымыз егіз. Менің арқасүйерім тек қошеметке, құрметке лайық, мақтауға тұрарлық адам! Ал мен қасындамын, алтын басын төрге шығарам. Тыңдарман, оқырман! Артық сөздің бәрі қажет емес. Махаббат ұлы күш! Әлемді құтқарады! Әр қазақ қызына Райымбектей нағыз жігіт бұйырсын. Жалғыздық бір Аллаға жарасады. Баршаңызға тек жақысылық тіледім", - деп жазды Ерке Есмахан.