сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 19.01.2023 13:13

Кәсіп бастаған Нұртас Адамбай көпшіліктің сынына ұшырады

Фото: Stan.kz

Актер әрі продюсер Нұртас Адамбай кәсіп бастап, көпшілікті ерекше стильде жасалған дәмханасымен таныстырды, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алайда кілеммен безендірілген дәмхананың іші жұрт көзіне оғаш көрінді. Суреттерден бөлменің едені, қабырғасы мен төбесі де кілеммен жабылғанын көруге болады. Көпшілік шаң жинайтын кілемдерде отырып қалай тамақтануға болатынын түсінбей дал. Олар тамақтанатын орынды ауа өткізбейтін кілеммен жабу тазалық талаптарына сай емес деп есептейді. Бірі мұны шығыстық стиль десе, енді бірі кәсіби дизайнерге жүгінбеген деп Нұртас Адамбайды сынға алды. 

“Мұнда қалай демаласың?”, “Кілемдерге тамақтың иісі сіңіп кетсе, сасиды ғой”, “ Бұл бөлме желдетілмейтін де шығар”, “Тазалықтан жұрдай”, “Интерьер дизайнерінің жұмысын қаншаға бағалады екен?”, “Қалың жүндер ауада ұшып жүрген шығар”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Сондай-ақ олар тазалық мәселесін ғана емес, қауіпсіздік ережелерін де ескеру керектігін атап өтті.

“Өрт шыққан жағдайда іштегі адамдардың тірі қалуы екіталай”, – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.