сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 15 19.01.2023 16:28

Асылбек Боранбай: "Театрларда әдеби тіл жоқ"

Фото: Ticketon.kz

Актер Асылбек Боранбай "Тамаша" театрынан келе жатқан әріптесі Марат Көккөзовпен бірге "ТТТ" театрын ашқан. Өнер иесі қазіргі таңда театрдан әдеби тілдің жоғалып кеткенін "1001 түн" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды teznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме беріп.

"Әр нәрсенің өз маманы болуы керек. Айыпқа бұйырмасын, қазіргі театрларды қарап отырсаңыз, тіл жоғалып кетті. Әдеби тіл жоқ қой. "Қойсай, кетсей, қоя берси" деген сөз сахнада болмауы керек.

Сіз орыстарды қараңызшы. Петросяндар қалай сөйлейді? Сахна, мәдениет, кәсібилік деген аңқып тұрады. Біз сондай дәрежеге жетуіміз керек. Негізі бізге комедиялық театр керек. Қазақстанда бірде-бір комедиялық профессионал театр жоқ", - деді Асылбек Боранбай.