сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 20.01.2023 7:40

Ақбота Сейтмағамбетпен жиі көзге түсіп жүрген Әділет Жауғашар пікір білдірді

Фото: stan.kz

Ақбота Сейтмағамбетпен жиі көзге түсіп жүрген Әділет Жауғашар пікір білдірді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

“Ақбота екеуміз өнерде дос-құрбымыз. Арамызда сіздер айтатындай ештеңе жоқ. Әзілдесе береміз”, – деді өнер иесі.

Жеке өмірі туралы айтудан бас тартқан ол ата-анасына келін керегін айтып қалды.

“Отбасым туралы айтқым келмейді. Жеке өмір боп қалуы тиіс. Бір ғана нәрсе айтайын. Биыл ата-анама үй сыйлаған едім. Енді сол үйге келін керек”, – деді ол. Айтуынша, ойындағы қыз жолықпаған. Десе де болашақ жарының қандай болу керектігін сипаттап берді. 

“Биязы, ибалы, қарапайым, әке-шешемді сыйлайтын жан болса деп ойлаймын. Өнерден алыс болғанын қалаймын.

Әнші бір кездері “жұлдыз ауруымен” ауырғанын да мойындады.

“Әндерімнің бәрі карантинде хит болды ғой. Сол кезде "жұлдыз" ауруымен ауырғаным бар. Байқоңырдан Төремұрат деген ағам хабарласты. "Біздің Байқоңырда концерт қоюға болады" деді. Барып, афишамызды тараттық. Халық лық толды. Екі сеанс қойдық. Алғашқы концерт, арқам ұстап керемет күйде болдым. Сахна жабылып, екінші сеансқа дайындалайын деп жатырмыз. Әндерімнің аранжировкасын жасап жүрген досым келіп, "Әдөш, молодец" деді. Арқам ұстап кеткен болуы керек. "Не болды?" деп тұра ұмтылдым. Сосын есімді жиып, өз-өзіме келдім. Досым да түсінді, "Ондай болады, екінші қайталама" деді. Кейін "мұндайды қайталамаймын" деп өзіме уәде бердім”, – дейді Әділет.