сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 23.01.2023 10:44

"Біз шаршадық": Ерке Есмаханмен шаңырақ көтерген Raim жазба жариялады

Фото: инстаграм

Жақында Ерке Есмаханмен некелескен Райымбек Бақтыгереев өздері туралы қаңқу сөзге тоқтау қоймақ. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы. 

«Қазақ елі! Біріншіден, былтырғы қаңтарға қарағанда биыл қуанышты ғой. Екіншіден, әр адамның өткен-кеткені бар. Өздеріңіз мінсіз болып, неге сонша соңымызға түсіп алдыңыздар? Іздесе, әрқайсыңыздың кем тұсыңыз табылар. Пендешілікке салынбаңыздар. Үшіншіден, адамның айтқаны емес, Алланың дегені болады. Біз – некеміз қиылған жанұямыз. Намыс, тәрбие, қасиеті жоқ, есі кеткен адам ғана отбасының ортасына түседі. Сондай адамның қатарынан болып, Алланың қаһарына қалмаңыздар. Естігілеріңіз келсе, айтайын. Біз шаршадық. Өнерден, өмірден айырылсақ та, махаббатымыздан айырыла алмайтынымызды нық білеміз. Өтініш, тоқтатыңыздар», – деп жазды өнер иесі.

Еске салайық, жұлдызды жұп күні бұрын мешітте некелерін қиып, қуанышты жаңалықпен сүйіншілеген болатын.