сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 23.01.2023 16:37

Белгілі әнші аяғы ауыр келіншегіне бағалы жүзік сыйлады

Фото: stan.kz

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин қазіргі таңда отбасымен Мальдив аралдарында демалуда. Отбасылық саяхат барысында әнші жұбайына тосынсый жасап, бриллиант жүзік тақты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетейік, Нұрболат Абдуллиннің жұбайы қазіргі таңда үшінші сәбиіне аяғы ауыр.

Мальдив аралдарына саяхатқа аттанған әншінің отбасы шетелдегі өмірін әлеуметтік желіде көпшіліктен жасырмайды.

Нұрболат Абдуллин мен жұбайы желіде бөліскен видеодан әншінің теңіз жағасында романтикалық ас ұйымдастырғанын байқауға болады.

Видеода сәлден соң әншінің жұбайы Фариданың алдына бриллиант жүзікті тосынсый қылып әкелді. Ал Нұрболат Абдуллиннің жұбайы әншіге сыйлығы үшін алғыс білдіреді.