сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 24.01.2023 9:54

"Мінсіз әйелмін": Байзақова тұрмысқа шыққалы өмірінің өзгергенін айтты

Фото: ашық дереккөз

Айжан Байзақованың тұрмысқа шыққанына үш ай енді толған болса да, көп нәрсенің өзгергенін жасырмады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 

Блогерден “Отбасылық өмір қалай екен?” деп сұрайтындар көп көрінеді.

“3 ай отбасылық өмір 10 жыл емес, әрине. Бірақ көп нәрсе өзгерді. Күйеуге тиюдің артықшылығы көп. Біз бір команда сияқтымыз. Бұл көп дүниеге ынталандырады. Кешке үйге келгенде менің шағымымды тыңдайтын адам бар. Мені ешкім мәжбүрлеп тамақ әзірлетіп жүрген жоқ. Бұл менің қалауым. Көп жаңа тағамдар әзірлеп үйрендім. Күйеуімнің айтуынша, мен мінсіз әйелмін. Одан басқа не керек? Күйеуім шаруақор адам. Қолынан бәрі келеді. Туыстарым көбейді. Сондықтан мен де, күйеуім де ашық-шашық дүниелерден бас тарттық. Семіре беруге, боянбауға болады. Себебі, сүйіктім мені бар болмысымен жақсы көреді. Қалжыңдаймын. Ұлым Алан күйеуіме қарап спортпен айналысқысы келіп жүр. Тұрмысқа шығудың бір кемшілігі “Қашан бала туасың?” деп сұрайтындар көп”, – деп жазды блогер өз парақшасында.