сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 24.01.2023 15:57

Әнші Бақаева ұлының бассейнге батып кете жаздағаны жайлы жазба жариялады

Фото: rudnyi-altai.kz

Әнші Салтанат Бақаева көпшілікті әлеуметтік желідегі жазбасымен шошытып қойды. Өнер иесі достарымен демалған кезде ұлының бассейнге батып кете жаздағанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

"Жақында отбасылық достарымызбен естен кетпес демалыс болды. "Естен кетпес" деп айтқаным бекер емес. Балалар бассаейнде, жүзе алмайтындары таяз жерінде ойнап отырған. Бәріне қарап отыруға бір досымызды қалдырғанбыз.

Сонымен досымыз бірнеше минутқа балалардан көзін ала бергенде, Айтөрем "ойыншығын аламын" деп, батып кеткен (бассейнге - ред). Терең жағына құлап, судан шыға алмай жатқан. Оны көріп, досымыздың баласы жөнді жүзе алмаса да, көмектесуге ұмытылып, екеуі де суға бата жаздаған. Масқара, ойласам, жүрегім ауырады.

Алланың қалауымен досымыз келіп, екеуін судан шығарып алды. Солай Әли батыр Айтөремді құтқарып қалды. Ал Әлидің папасына енді сенбейтін болдық", - деді Салтанат Бақаева Instagram желісінде.

Әншінің жазбасына желі қолданушылары да түрлі пікір қалдырып, бастан өткен оқиғасын жарыса жазды.

"Алла сақтап қалды", "Ер адамға бала қалдырмау керек", "Ұлыңның періштесі қаққан ғой", - деп жазды желідегілер.