сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 23 25.01.2023 10:50

Мұрат Қожаның бірінші әйелі Айман Нұразхан шын ғашығын жолықтырған сияқты

Фото: exk.kz

"Нұрлан мен Мұрат" дуэтіндегі әнші Мұрат Қожаның бірінші әйелі Айман Нұразхан шын ғашығын жолықтырған сияқты. Әлеуметтік желіде оның жас жігітпен қол ұстасып жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды teznews.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, әнші Мұрат Қожа осыдан он жылға жуық уақыт бұрын өзіне үш қыз сыйлаған бірінші әйелімен ажырасып, екінші рет жас келіншекке үйленген еді. Оның бұрынғы жұбайы да жалғыздықтан жалыққан сияқты. Ғаламторда Айман Нұразхан мен жас жігіттің романтикалық сәті қызу талқыланып жатыр.

Аталған бейнежазбаға зер салсақ, Мұрат Қожаның экс-әйелі мен әлгі жігіт бір-біріне жымың қағып, "Сені күнде көру" деп аталатын хит әннің ырғағымен қол ұстасып келеді.

Қол ұстасып жүру неге арман шынымен, Айман айтшы?,

— деді жас жігіт.

Өзіне ерекше сезімін білдірген жігіттің бұл сауалын Айман да жауап қалдырмаған.

Қойсаңшы, Шарапат. Дұрыстап түсіндірсеңші,

— деді Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі.

Мұрат Қожаның бірінші әйеліне көз салған жігіттің аты-жөні — Шарапат Нұрғали. Ол Сәкен Майғазиевтің көмекшісі көрінеді. Айманға қатты ғашық болып қалса керек, 40 жастан асқан әйелге сезімге толы өлең жолдарын арнапты.

Саған сезім өшер емес, өшпейді деп сенемін. Жүректің жұмсақ сәттерінде сені гүлге теңедім,

— деп жауап берді әлгі жас жігіт.