сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 6 25.01.2023 12:15

Бағлан Әбдірайымов құмар ойынның салдарынан қанша қарызы барын ашық айтты

Фото: ainews.kz

Әнші, "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағдан Әбдірайымов бүгінде құмар ойын кесірінен қарызға кіріп, дүние-мүлкінен айырылғанын ашық мәлімдеуде. "Жібек жолы" арнасындағы "Ел" бағдарламасында қонақ болған ол бүгінде қарыздарынан құтылып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

«Қанша көтергенімді айтпай-ақ қояйын. Әйтпесе, жұрттың бәрі қызығып жүрер. Одан да мен қанша ұтылғанымды айтайын. Өзімнің дүние-мүлкімді қоспағанда, 220 мың доллар жұртқа қарыз болдым. Оның ішінде 70 мың долларды мен он пайызбен ломбардқа салғанмын. Енді өзіңіз есептеңіз, айына 7 мың доллар үстіндегі пайызды төлеуім керек. Мінетін көлігім де жоқ. Тұратын үйім де жоқ, араласатын дос та жоқ, сенім артатын азаматтар да қол сілтеп кетіп қалған. Сондай жағдайға түскенмін. Өзімнің үйімді, дүние-мүлкімді айтып жатқаным жоқ... Көп адам қарыздарыңнан құтылдың ба деп сұрайды. Биыл бесінші жыл, ақырындап төлеп келе жатырмыз. Азайып та қалды. Зардабы тиеді бірақ...», - деді әнші бағдарламада.