сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 26.01.2023 11:55

Мақпал Жүнісованың Арман Дүйсенов туралы жазба жариялады

Фото: sputnik.kz

Бірнеше күн бұрын елімізге танымал композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды. Композитор жайлы естелік айтқан халық әртісі Мақпал Жүнісова көпшілікті жылатты, деп жазады teznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Арман Дүйсеновтің жұбайына көңіл айтып, естелігін бөліскен әнші видеоны Instagram желісінде жариялады.

"Келіп тұр! Есігім әрдайым ашық, айналайын, Айсұлу. Саған әрқашан көмектесуге дайынмын. Арманның арқасында қаншама халықтың қошеметіне бөлендім. Арманжан мәңгілік есімізде болады. Сен мықты бол, жаным! Арманның дұшпаны жоқ деп ойлаймын. Арман бәрімізге шынайы ақ көңілмен үлкенге де, кішіге де иіліп, нұрын шашып жүретін азамат еді. Жатқан жері жайлы болсын! Елінен келіп, ескеріп жатыр екен. Кеше Оралға да хабарласып, "Ескендір Хасанғалиев ағаларыңыздан кейін қазақ ән өнеріне үлесін қосқан осы - Арман" дедім.

Сондықтан да Арманды ұмытпаңыздар, кешін жасаңыздар. Әндері ұмытылмайтынына сенімдіміз. Осы жерде отырған бәріміз Арманның әнін айтып, шапағатын көрген жандармыз. Топырағы торқа болсын! Жәннаттың төрінен болсын", - деді Мақпал Жүнісова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, заманымыздың ең дарынды композиторы, продюсер, тележүргізуші Арман Дүйсенов 48 жасында өмірден өтті.