сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 3 26.01.2023 16:44

Әсел Асқар бұрынғы күйеуі туралы ашық айтты

Фото: exk.kz

Актриса Әсел Асқар ұлының қазасынан кейін күйеуінен ешқандай қолдау көрмеген. Бұл туралы ол Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

“Бұрынғы күйеуім маған ешқандай қолдау көрсеткен жоқ. Менің оны жамандауға құқым жоқ. Ол Айбарыстың әкесі болғандықтан мен оған ризамын. Бірақ “Ат құйрығын кесісейік” деген мен емес. Қиын сәттерде маған қатыгездік танытты. Ұлымды жерлеп болған соң қырық күн өткенше өз-өзіме келе алмадым. Ал ол мені шәй дайындап бермегенім үшін үйден бірнеше рет қуып шықты. “Көз жасыңмен шаршаттың” деп үйден қууы менің ойымша, қатігездік. Бұл біздің ортақ баламыз. Сол сәттерде ол менің қайғыма ортақтасуы керек еді. Менің одан көңілім қалды”, – деді Әсел.

Айтуынша, Әсел бұрынғы күйеуімен байланысын мүлде үзген.

“Араға уақыт салып мен өз-өзіме келе бастағанда менімен сөйлескісі келді. Мен тұтқаны көтермедім. Мен оны қаншама рет ақтап алуға тырыстым. Менің чемоданымды бір теуіп, кетуімді өтінген өзі. Маған: “Сен әбіржіп кеттің” деді. Ол өзінің достарын, көңіл көтеренді жақсы көреді. Адамдар маған оны әр жерде көңіл көтеріп жүргенін көргендерін айтып жатады. Тіпті кездесуге барып жүрген көрінеді. Ол үшін қуаныштымын. Мен қайғыммен бөлісіп, одан қолдау күтетінімі айтқанда: “Бұл Құдайдың шешімі. Бұл сенің кесіріңнен болды” деп мені кінәлаған болатын”, – дейді актриса.