бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 6 27.01.2023 10:15

Сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Қазақстан Республикасы парламентінің cенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады» делінген хабарламада.