сенбі, 6 шілде 2024
Саясат 7 05.12.2022 11:36

Қай елде бензин қымбат?

Visual Capitalist басылымы қазіргі таңда бензині ең қымбат елдерге шолу жасады. Бұл труалы teznews.kz аталмыш басылымға сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның ақпаратына қарағанда, энергия жеткізудің жаһандық тізбегінің бұзылуына байланысты бензин, электр энергиясы және табиғи газ бағасы шарықтап кеткен. Кейбір елдерде энергия бағасы 2022 жылы тарихи деңгейге жетеді деп болжануда. Гонконг тұрғындары бензин үшін әлем бойынша ең көп ақы төлейді, яғни 11,10 доллар (5200 теңге). Бұл әлемдегі орташа деңгейден екі есе көп.

Энергетика бағасы қымбат елдер тізімдегі екінші орында Орталық Африка Республикасы, онда көгілдір отынның құны бір галлон үшін 8,60 долларды(4030 теңге) құрайды. Электр энергиясының ең жоғары құны көбінесе Еуропада.

Дания, Германия және Бельгиядағы бензин бағасы Франция мен Грециядағы бағадан екі есе жоғары.