сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 27.01.2023 13:17

Некелерін қидырған Ерке Есмахан мен Раим Дубайға саяхатқа аттанды

Фото: zakon.kz

Жақында некесін қидырған Ерке Есмахан мен Раим Дубайға саяхатқа аттанды. Шетелге сапары туралы Ерке Есмахан Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Әнші жариялаған видеодан жұлдызды жұптың Дубайға ұшу барысын көруге болады. Ерке Есмаханның айтуынша, бұл сапарды тур агенттігі некесінің құрметіне орай тарту еткен.

Осыған дейін қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет тарап, кейінірек Раим Бақтыгереев бұл ақпаратты растаған болатын. Осыдан кейін бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды. Кейінірек Раим Бақтыгерев өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады. Ал Ерке Есмахан оқырманының сауалына жауап беріп, мәһрге жылқы сұрағанын айтқан еді.