сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 7 30.01.2023 10:18

"Мазақ болды": Орамал таққан Сиви Махмуди сын астында қалды

©instagram.com/sivi_makhmudi

Қазақстандық әнші Сиви Махмуди образ үшін орамал таққанына көпшіліктің сынына қалды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Өнер иесі орамал таққан суретін өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялап: “Орамалды мазақ қылған жоқпын, жай образ деп қабылдаңыздар. Хиджабты тек фотосессия және видео үшін кидім. Орамалға келмедім. Артық сөгудің қаеті жоқ”, –деп жазба қалдырды.  

Әншінің бұл әрекетін орамалға деген немқұрайлылық деп түсінген желі қолданушылары Сивиді сынады. 

“Әншілердің барлығы хиджабты сәнге айналдырған ба?”, “Орамал деген мазақ болды ғой, әсіресе халықтың алдында жүргендер үшін”, “Киемін десе киеді, шешемін десе шеше салатын болыпты”, “Сәнге айналды”, “Орамал ермек болды”, – деп жазды оқырмандар.