сенбі, 6 шілде 2024
Саясат 5 06.12.2022 11:30

Тоқаев Қырғызстан президентіне хабарласты

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі. Мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді»  делінген хабарламада.

Сонымен қатар екі ел президенттері сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.