сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 31.01.2023 12:35

Айгүл Мүкей ана тілінде сөйлеуге ұялатынын айтты

Фото: fil.kz

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей өзіне “қазақша еркін сөйлеп үйренемін” деп уәде бергенін айтты, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

“2022 жылы өзіме берген екі уәдем бар. Біріншісі, қазақ тілін дамытып, көбірек қазақша сөйлеу. Сөйлей алмаймын демеймін, бірақ көпшілік алдында қысыламын, ойымды дұрыс жеткізе алмай қаламын ба деп қорқамын. Бірақ жәймен үйреніп келе жатырмын, бастысы ниет пен ынта бар. Стористерде қате көріп қалсаңыздар, ренжімеңіздер. Екіншісі, уақытымды бос сөздер мен мәнсіз кездесулерге құртпаймын деп шештім. Көбірек тәжірибемен айналысқым келеді. Ел алдында жүрген соң, қоғамға өз септігімді тигізгім келеді”, – деп ойымен бөлісті тележүргізуші.