сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 31.01.2023 14:14

Белгілі актер Қайрат Нұртастың әйеліне қылмыңдап жүр

Фото: exk.kz

Белгілі актер Әбунасыр Серіков ерсі биімен ел көзіне түсті. Тіпті ол Қайрат Нұртастың әйеліне қылмыңдап, жабысып жүр, деп хабарлады Экспресс К

Әзілкештің ерсі биі әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада қандай да бір түсірілім жұмыстарына дайындық процесін байқайсыз. Бірақ арадағы үзілісте Әбунасыр Серіков жанында тұрған Жұлдыз Әбдукәрімоваға билеп тиісе бастайды. Тіпті белін айналдырып, иығынан ұстап иіле түсекенін көруге болады.

Десе де, әзілкештің әрекеті жұртқа жаққан жоқ. Желі қолданушылары сан түрлі пікірлерімен оны жерден алып, жерге салуда.

"Әбеке, ұшы тиіп кетейін деп қалды, тоқта болды", "Көңіл көтерсін, бірақ Жұлдызға жасағаны дөрекі, ұрсып тастауы керек еді", "Келінмен осылай билеуге бола ма?", "Бас киімді қорламашы", "Қайраттың әйелінің жүрісі жаман, күмән тудырады"

— деген жазбаларын қалдыруда желідегі жұрт.