сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 01.02.2023 10:10

Төреғали Төреәлінің қарындасы орамалға келгісі келетінін айтты

Фото: old.aqmeshit-aptalygy.kz

Жақында күйеуімен бірге Меккеге барып келген Дина Төреәлі орамалға келуді көптен бері армандап жүргенін айтты, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

“Иә, Алланың қалауымен мен де орамалға келдім”- деп жазатын күнді шыны керек өзім де күтіп жүрмін, армандаймын. Алайда бұл маңызды шешімге келу үшін берік иман мен дайындық керек. Ұлы сапарда жүріп “эмоцияда” асығыс шешім қабылдай алмадым, себебі бұл ойыншық емес”, – деп жазды блогер.

Осылайша ол оқырмандардан жиі келетін сұрақтардың біріне жауап берді.

“Көбіңіздің сұрағыңызға бірден жауап: “мен орамалға келмедім” Алла бәрімізге бұл нәрсеге көркем түрде келуді нәсіп еткей. Ал орамалдағы барлық аруларға басымды идім”, – делінген жазбада.