бейсенбі, 4 шілде 2024
Саясат 5 01.02.2023 14:15

Президент ұлттық банк төрағасын қабылдады

Фото: Ақорданың telegram арнасы

Президент ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды Teznews.kz  Ақорданың telegram арнасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биыл қаңтарда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді.

Ғалымжан Пірматов Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асырудың және валюта нарығын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.