бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 5 01.02.2023 14:48

Қазақстандық актер "Үздік ер адам рөлі" номинациясын иеленді

Фото: stan.kz

Үндістанның Мумбай қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының кинофестивалінде "Үздік ер адам рөлі" санатында "Паралимпиец" фильмінде басты рөлді сомдаған қазақстандық актер Асқар Ілиясов жеңіске жетті. Бұл туралы Teznews.kz порталы DimashNews сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Фильмнің сюжеті бойынша бала кезінен Олимпиада алтынын жеңіп алуды армандаған жас және болашағы зор шаңғышы Мақсат жан түршігерлік апат салдарынан аяғынан айырылады. Жарақаттан кейінгі депрессиядан шығуға Паралимпиадаға қатысу мүмкіндігі көмектеседі.

"Мен бақыттымын. Менің жеңіске жеткенімді айтқан кезде… Шынымды айтсам, тіпті көзіме жас келді. Фильмде өте көп жұмыс жасалды. Бұл менің алғашқы жеке сыйлығым және жұмыстың бағаланғаны маған қатты әсер етті. Еңбегіңіздің бағаланғанын көргенде жұмсалған күштің зая кетпегенін түсінесіз", - деді актер.