бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 6 01.02.2023 16:18

Ем алып жатқан Жүрсін Ерман ауруханадан видео жариялады

©instagram.com/zhursin_yerman

Айтыскер ақын Жүрсін Ерман Instagram-дағы парақшасына айтыс тамашалап отырған видеосын жүктеді, деп хабарлайды teznews.kz порталы.

 

Видео арқылы байланысқан ақындар айтысып, Жүрсін Ерманның көңілін аулады. Бейнежазбадан ақынның әріптестерімен қалжыңдасып отырғанын және айығып қалғанын байқауға болады. Мұны көрген желі қолданушылары видеоның астына ақжарма тілектерін арнап, жылы лебіздерін білдірді.

“Алла шипасын берсін! Сағына күтудеміз. Елге құлан таза айығып оралыңыз!”, “Саулығыңызды тілейміз! Тілекшіміз!”, “Айтыс десе Жүрсін деп білетін ел,әрине амандығыңызды тілейді”, “Ортамызды толтырып тезірек төрімізде осылай отырыңыз”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Ақын емделу барысын да көрсетті.

“УЗИ-ға алып бара жатыр. Төсекті осындайға іліп алады да, апарады”, – деп жазба қалдырды ол.