сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 7 02.02.2023 12:12

Дариға Бадықова жуырда кино түсірмекші

Фото: stan.kz

Қалың көпшілікке Айсара рөлімен танымал болған актриса Дариға Бадықова болашақта кино түсіргісі келетінін айтты, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Актрисаның айтуынша, мұндай өтінішті көрермендердің өзі ұсынған.

“Өздеріңіз “фильм түсір” деп жатырсыздар. Әрине, спонсор тауып түсіруге болады. Спонсор болатын жандар жоқ емес, шүкір! Көрерменге жақын, өмірге жақын, жылайтын жері бар, күлетін жері бар, сценарийі мықты идея керек. Маған ұнайтын жанр тек комедия емес. Трагикомедия ұнайды
Трагикомедия шындығы, өмірі бар жанр”, – деп жазды Дариға.

Киноға арқау болар идея іздеп жүрген ол оқырмандарының ойын білігісі келіп, сауал жолдады.

“Қандай идея бар? Ерінбе жазыңыз. Мүмкін сіздің өміріңіз кино шығар?”, – деп ой тастады актриса.