сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 6 02.02.2023 14:18

Тоқтар Серіков қазақ қыздарына өкпесі қара қазандай екенін мәлімдеді

Фото: matritca.kz

Танымал әнші Тоқтар Серіков шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына реніші барын айтты, деп хабарлайды teznews.kz порталы “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына сілтеме жасап.

“Қазақта “тек” деген сөз бар. Тегі, тамыры мықты адамның ұрпағы адаспайды. Дүние үшін, санаулы уақытқа бақыттан басы айналып шетелдікке тиіп жатқан қазақ қыздарына өкпем қара қазандай. Жалпы басқа ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздары жөнінде көп пікір айтқанмын. Бұған бір заң шығу керек сияқты. Кімнен жасқанамыз, кімнен қорқамыз? Неге менің қарындасым ұлты, діні басқа, танымайтын өзге біреуге тиеді? Қарындастарымның өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына бір кісідей қарсымын. Бірінші осыны Алладан сұраймын, екінші ел басында отырған азаматтардан осы жағдайға қарсылық білдіріп, заң шығарса екен деймін”, – деп өнер иесі өз ұсынысын білдірді.

Ұлтымыздың жасқаншақ болып бара жатқанына саясаттың ықпал еткенін айтып, тіл мәселесін көтерген әнші сұхбат барсында көз жасына да ерік берді.