сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 02.02.2023 16:26

Тележүрізуші Динара Сәтжан: "Табысымды білмеймін"

Фото: paryz.kz

Тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің қанша табыс табатынын санамайтынын айтты. Тележүргізушінің айтуынша, оның қаржы есебін жүргізетін есепшісі бар. Бұл жайлы тележүргізуші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды teznews.kz порталы.

"Шынымды айтсам, мен білмеймін. Мен есептемеймін. Себебі, менің есепшім бар. Менің мақсатым, ай сайын өзім жаратқан қаражаттан көбірек табу. Бұл әрдайым қолымнан келеді. Әйтпесе, күндіз-түні жұмыс жасамас едім. Екіншіден, сенің жауапкершілігің жоғары болған сайын, жұмыс ұжымың үлкен болған сайын көбірек табыс табасың. Бұл сені қалыпта ұстап тұруға мүмкіндік береді.

2018 жылы өмірімді алғаш рет несие алдым. Осы несие мені көбірек табыс табуға ынталандырды. Міне, осындай ынталандыру керек. Себебі, бәрі Балиге барып демалғысы келеді. Бірақ мен көбірек жауапкершілік алып, командамды үлкейткім келеді. Мен қанша табыс тапсам, шығыным да соншалықты", - деді Динара Сәтжан.