сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 03.02.2023 10:10

Ернар Айдардың келіншегі босанды

Фото: kznews.kz

Белгілі әнші Ернар Айдар қызды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды teznews.kz.

“Ассалаумағалейкум баршаңызға! Сүйінші, ардақты ағайын! Алланың қалауымен , қасиетті жұманың таңында тағы да әке атандым. Қызды болдым. Аллаға шексіз шүкір”, – деп қуанышымен бөлісті өнер иесі.

Әншінің өнердегі әріптестері мен оқырмандары оны қуанышымен құттықтап, ақ тілектерін арнады.

“Ғұмырлы болсын!”, “Құтты болсын!”, “Бауы берік болсын!”, “Салихалы ұрпақтардан болсын!”, “Қызы бар үйдің берекесі де, мерекесі де мол болады. Құтты болсын!”, “Алла ұзағынан сүйіндірсін”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.