бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 26 03.02.2023 17:42

Берік Айтжанов танымал түрік телехикаясына түсті

Фото: instagram.com/berik_aitzhanov

Қазақстандық танымал актер Берік Айтжанов "Османның құрылуы" тарихи түрік телехикаясына түсті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Берік Айтжанов өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, "Kuruluş Osman" деп жазған. Актердің фотосын көргендер жылы лебізін білдіріп, өнер иесіне сәттілік тіледі. "Алға, бауырым!", "Қайдан көруге болады?", "Рас па? Найманның рөлін сомдаған жоқсыз ба?", "Енді Осман жеңсін дейміз бе, Найман жеңсін дейміз бе?", - деп жазуда олар. 

 Онда қазақстандық актердің телехикаяда басты рөлді сомдайтын Бурак Озчивитпен бірге түскенін көруге болады.

Ал телехикаяның ресми Instagram парақшасында Берік Айтжанов сомдаған Найманның келуінен үзінді де жарияланды.