сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 7 06.02.2023 9:55

"Кешір мені, балам": Меруерт Түсіпбаева өкінішін айтты

Фото: ernur.kz

Қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева кезінде жалғыз ұлына дұрыс көңіл бөле алмағанын айтып, кешірім сұрады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы. 

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

“Қазір бір тал балам есейіп, басқа мемлекетте өз өмірін сүріп жатқанда мен қандай ана болғанымды есіме түсірсем, қуыстанамын. Балам менің келгеніме қуанып, алдымнан атып шыққанда: “Отойди (Қаш! Асығыспын!)“ дегенім ғана есімде. Жанталасып,🥲күйбең тірлікпен өмірдің өтіп кеткенін аңғармаппын”, – деп жазды өнер иесі. 

“Кешір мені, балам. Серт беремін! Мен жақсы әже боламын”, – деді ол.

Айта кетейік, әншінің ұлы Нұрғиса қазір Еуропада ІТ саласында оқып жатыр.