сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 47 07.02.2023 10:26

Гүлзира Айдарбекова халықты "алдаған" туристік компания туралы айтты

Фото: 365info.kz

Меккеге алып бару бойынша туристік қызмет көрсететін отандық компаниямен шу шықты. Киелі жерге бару үшін қыруар қаражатын компанияға төлеген қазақстандықтар компанияның ақшаны алған соң хабарсыз кеткенін айтып шағымданған. Шу тудырған туристік компанияның ашылу рәсіміне қатысқан Гүлзира Айдарбекова "Астарлы ақиқат" бағдарламасында осыған қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

"Қатты араласпаймын. Бірақ ашылуына бардық. Меккеге жібердік, жақсы барып-қайтты. Одан кейін де сіңлімді, жездемді сол компаниямен жіберемін деп ойлап жүргенмін. Ондай екенін білмеппін. "Екі туып, бір қалғаным" емес. Бұрыннан танысым емес", - деді продюсер Гүлзира Айдарбекова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жүздеген адамды алдады деген күдікке ілінген турфирма басшысы ұсталғанын хабарланған еді.