сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 08.02.2023 12:35

Данэлия Төлешова америкалықтарды тәнті етті

Фото: tengrinews.kz

16 жастағы қазақстандық әнші Данэлия Төлешова голландтық өнерпаз Дункан Лоуренстің “Arcade” әнін орындады. Сезімге толы әнді шеберлікпен жеткізе білген өнер иесі қазылар алқасы мен көрермендердің қошеметіне бөленді, де хабарлай teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме бері.

America's Got Talent байқауының Instagram-дағы парақшасында Данэлияның өнер көрсетіп жатқан сәтінен үзінді жарияланды. Қазақстандық әншінің өнеріне көрермендер ғана емес, байқау төрешілері де жоғары бағалады.

Бейнежазба астындағы пікірлерден Данэлияның өнеріне тәнті болған шетелдік тыңдармандарың да көптігін байқауға болады.

“Таңғаларлық”, “ Ғажап”, “Неткен керемет дауыс. Нағыз талант”, “Оның байқауда алғаш рет өнер көрсеткен сәті есімде”, “Данэлия, біз сені жақсы көреміз”, – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұл Данэлия Төлешова America's Got Talent байқауында екінші мәрте өнер көрсетуі. Алғаш рет бұл сахнаға ол 2020 жылы шығып, тікелей эфирде өткен шоудың 15-ші маусымының финалисті атанған болатын.