сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 16 08.02.2023 16:44

Актер Айдар Асқарбек бұрынғы қызметінен неге кеткенін айтты

Фото: NEGE.KZ

Көпшілікке отандық телехикая арқылы танылған актер Айдар Асқарбек бұрын қандай қызмет атқарғанын айтып берді. Өнер иесі Алматыда тергеуші болып жұмыс істегенін жеткізді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

"Актерліктен бұрын жеті жыл ішкі істер министрлігінде учаскелік полиция инспекторы, жедел уәкіл және соңғы рет Алматы қаласы Медеу ауданының полиция бөлімінде тергеуші болып қызмет істедім. Бірақ жеке кәсіпкерлікке бет бұрған соң, ол жерден өз еркіммен кетуіме тура келді. Сөйтіп жүргенде киноға түсуге ұсыныс түсіп, өнер саласына келдім", - деді актер. Сонымен қатар Айдар Асқарбек кезекті бір телехикаяда дәл осы тергеуші рөлін ойнағанын да мәлім етті.

"Мен ол кинода Алматы қаласы полиция департаментінің аға тергеушісі кейіпкерін сомдадым. Оның бейнесі, табиғаты өзіме өте жақын. Сондықтан "өз образымды ойнадым" десем болады. Өзім істеген сала болғандықтан және режиссердің еркіндік бергені септігін тигізген шығар", - деп ағынан жарылды актер. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айдар Асқарбек бұрынғы жұбайы Жарқынай Ханайым екеуінің қарым-қатынасына қатысты жауап берген болатын.