сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 09.02.2023 10:11

Жанар Дугалова тұрмысқа шығатынын айтты

Фото: 365info.kz

Жақында киноға түскен әнші түсірілімдегі әріптестерімен тележүргізуші Тимур Балымбетовке сұхбат берді, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 

Тимур Балымбетов өзінің Instagram-дағы парақшасында сұхбаттан үзінді жариялады.

“Сіздер Жанар Дұғаловамен сұхбат сұрадыңыздар. Ол сұхбатқа келісті. Жанар алда болатын той мен бастан өткерген ота жайлы айтты”, – деп жазды ол.

Тимур Балымбетов әншіден: “Тұрмысқа шыққалы жатқаның рас па?” деп сұрады. Жанар тойдың ауылы алыс емес екенін айтып, күйеуге шыққалы жатқанын растады. Тележүргізуші таңданысын жасыра алмай, өнер иесін қуанышымен құттықтады. Бағдарлама жүргізушісінің: “Бұл жаңалықтан хабардарсыздар ма?” деген сауалына Жанардың кинодағы әріптестері: “Жоқ” деп жауап берді.