бейсенбі, 4 шілде 2024
Мәдениет 4 09.02.2023 13:25

Алуа Қонарова көпшіліктен Түркияға жасаған көмектерін жұртқа жария етпеуді сұрады

Фото: 365info.kz

Танымал продюсер Алуа Қонарова Түркиядағы зілзалаға байланысты зардап шеккен адамдарға көрсетілетін көмекті көзбояушылыққа айналдырмауға шақырды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жапа шеккен халыққа көмектесіп жатқанын камераға түсіретін жандарға үндеу тастады.

“Жарайсыңдар, Түркия халқының қайғысына ортақтасып, қолдан келгенше көмек қолын созып жатырсыңдар. Бірақ, өтініш, көмекті көзбояушылыққа айналдырмаңдаршы. Осы бір сәтте хайп жасап керек емес. Өте жаман көрінеді. Көмектесіп жатқандарыңды камераға түсіру – дұрыс емес. Бұл дұрыс емес. Сендердің жақсылықтарыңды өзгелер айтсын”, – деді ол.