сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 10.02.2023 15:24

Әсел Асқар жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

Фото: cosmo.kz

Танымал блогер Әсел Асқар әзірге жаңа қарым-қатынасқа дайын емес екенін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Блогер көп нәрсеге көзқарасының өзгергенін, қазір өзін еркін сезініп жүргенін айтты.

“Қарым-қатынас құруға асықпаймын. Жалғыздықты емес, керісінше, шығармашылықта, жұмысымда еркіндікті сезініп жүрмін. Асықпаймын. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Сондай-ақ, менің блогім қазіргі қоғамда өзіндік құндылыққа ие. Көптеген қыз-келіншектер менен үлгі алады. Тығырыққа тірелген жандарға жаңа дем, бағыт бергендеймін. Мен көп қыз-келіншектерге үлгімін. Олар өзінің қиындықтарын менің басымнан өткен оқиғалармен салыстырып, шүкіршілік етеді. Сондықтан жеке өмірімді көпшілікке жарияламаймын. Десе де, ер азаматтар менің көңілімді тауып, назарымды аударғысы келсе бас тартпаймын. Бұл қалыпты дүние. Себебі мен өзімнің сұлу, жарқын, ақылды әйел екенімді білемін”, – дейді Әсел.