сенбі, 6 шілде 2024
Саясат 42 06.12.2022 16:45

Прагада Путинге арнап ескерткіш орнатылды

Фото: unian.net

Прагада Ресей президенті Владимир Путинге ескерткіш орнатылды. Диктатор газды әтеш ұстаған гоблин ретінде бейнеленген, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

wydarzenia.interia.pl сайтының хабарлауынша, ескерткіш бұрын Кеңес Одағының маршалы Коневтің ескерткіші тұрған жерге орнатылған.

Ескерткіш авторы Душан Досталдың айтуынша, мүсін «Ариман» деп аталады. Бұл - парсы мифологиясынан шыққан, абсолютті зұлымдықты білдіретін жын.

Орыс диктаторы қолын көтеріп, нацистік сәлем берген күйде бейнеленгені атап өтіледі. Осылайша автор Путиннің Гитлердің ісін жалғастырып жатқанын көрсеткісі келген.

Ескерткіш орнатуға атсалысқан чех кәсіпкері Далибор Дедек бұл әрекетімен идея авторлары чехтарға Украинадағы соғыс әлі де жалғасып жатқанын көрсеткісі келетінін, сондықтан украиндықтарға моральдық және қаржылық қолдау көрсету керегін баса айтты.

Бір айдан кейін гоблин-Путин мүсіні аукционда сатылады деп жоспарланып отыр. Түскен қаражат Украинаға көмек ретінде аударылады.