сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 13.02.2023 16:48

Айгүл Иманбаева мектеп кезіндегі суретін жариялады

Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде бала кездегі суретін жариялап, балалық шағын еске алды, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

“Мына кезде қай сыныпта оқып жүргенім есіме түспеді.Бірақ менің алғыр мінезім, өзіме деген жауапкершілігім, еңбекқорлығым осы кезден белгілі екені есімде .Қайтпайтын мінезім туғалы бар екенін тағы білемін. Қалай ойлайсыздар мінезім, өзім өзгергенмін бе? Сосын қасым қалай кетті? Ал кекілімді тәтемнен тығылып кесетін едім. Бірақ сабақты 5-ке оқыдым”, – деп естелік суреттің астына жазба қалдырды.

Бала Айгүлді көрген желі қолданушылары еш өзгермегенін, ұлы Асылжанның өзіне ұқсайтынын жазды.

“Болатын бала. Танауы делдиіп, көзі жылтырап білініп тұр”, “Мінезіңіз түріңізде тұр ғой”, “Еш өзгермегенсіз”, “Маңдайының кеңдігі халқының қызы екенін көрсетіп тұр”, “Пысық қыз екенін көзі айтып тұр”, “Ұлыңыз Асылжан өзіңізге ұқсайды екен”, – деп пікір қалдырды желідегілер.