сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 14.02.2023 14:41

Актриса Салтанат Бақаеваның желіге жариялаған видеосын көпшілік сынады

Фото: m.kino-teatr.ru

Отандық әнші Салтанат Бақаева отбасымен би билеп, көпшіліктің сынына ұшырады. Өнер иесі үш ұлымен және жұбайымен билеген көңілді биінің видеосын Instagram желісіне жариялаған, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

"Демалыста отбасымызбен осындай видео түсірген болатынбыз. Бізді қатты сынамаңыздар", - деп жазды әнші.

Алайда Бақаеваның отбасылық биі желі қолданушыларының көңілінен шықпаған.

"Ұят емес пе?", "Меккеге қажылыққа барып келген едіңіз", "Биіңіз ерсі көрінеді екен", "Түркияны көріп, жүрегіміз қарс айырылып отырған кезде мұндай видео жариялай қоя тұрыңызшы".

"Маған ұнады", "Төрт баланың анасысың", "Қазақтың әйеліне жараспайды", "Мәні жоқ, мағынасы жоқ. Не мынау?", - деп жазды желідегілер.