сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 7 15.02.2023 13:17

Меруерт Түсіпбаева пластикалық ота жасататынын мәлімдеді

Фото: Cosmo.kz

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева көпшілікке пластикалық хирургтың қабылдауында болғанын жеткізді. Өнер иесі пластикалық ота жасататынын және бұл шешімді ұзақ ойланып қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

"Пластикалық хирургтің қабылдауына келдім. Қазір мені қабылдайды. Ұзақ уақыт бойы ота жасатуға шешім қабылдай алмадым. Бірақ қазір бұл отаға дайынмын. "Барлығы жеңіл болсын" деп Алладан тілеймін. Біраз достарым, сүйіктім бұл отаға қарсы болды. Көрермендер де мені көбіне сол белгіден танитын. Өкінішке қарай, бүгін мен шешім қабылдадым", - деді әнші.

Желі қолданушыларының ойынша,  әнші бетіндегі қалын алдырып тастамақ.

"Онсыз да әдемісіз", "Қалыңызды алдырмаңыз, сіздің ерекшелігіңіз ғой", "Өзің әдемісің, керегі жоқ", "Жас көрінесіз ғой", "Қалыңызды алдырасыз ба?",  "Алланың берген түріне риза болыңыз", "Қай жеріңізге ота жасатқалы жатырсыз", - деп пікір білдірді олар.