сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 4 15.02.2023 13:45

Ерке Есмахан тойларын қашан жасайтынын айтты

Фото: instagram.com/raimkzt

Отандық әнші Ерке Есмахан біраз уақыт бұрын өнердегі әріптесі Раиммен  некесін қидырған болатын. Әнші әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап беріп, жақында тойлары болатынын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Желі қолданушыларының бірі Instagram желісінде  "Неге келіндік өміріңізді көрсетпейсіз?", - деп сұрады. Ал Ерке Есмахан әлі толық келін атанып үлгермегенін жеткізді.

"Әлі толықтай келін емеспін ғой. Алда бұйырса, сырға салу, құда түсу, құдалық. Сосын беташар. Содан кейін келіншек боламын", - деді Ерке Есмахан. Сонымен қатар әнші жұбайының үлкен тойды жазда жасайтынын да атап өтті. Ол желі қолданушысының "Той қашан болады?", - деген сауалына жауап берген.

"Бұйырса, жазда. Мен тойды қаламап едім. Күйеуім "үлкен той жасаймын" деп қоймай отыр. Мен келістім", - деді Ерке Есмахан.