сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 6 15.02.2023 17:24

Актер Жандос Айбасов жеке өмірі жайлы сыр шертті

Фото: khabar.kz

Қазақстандық актер Жандос Айбасов бір жыл бұрын заңды түрде ажырасып кеткенін мәлім етті. Өнер иесі бұл шешімнің оңайға соқпағанын режиссер Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Teznews.kz хабарлайды KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

"Заңды түрде ажырасқанымызға бір жыл болды. Бұл өте қиын шешім болды. Мүлде бөлек адам екеніңді түсінесің. Бір-біріңе деген сенімнің жоғалғанын, ол адамға бір нәрсе айтқанда, саған сенбейтінін түсінесің. Бір үйде бірге тұрасың, бірақ үйдің атмосферасы ұнамайды", - деді актер сұхбатында.

Оқи отырыңыз, биылғы жылдың қаңтарында қазақстандық әншілер Ерке Есмахан мен Раим мұсылманша неке қидырды. Әнші Ерке Есмахан жақында өзіне сырға салынып, құдалық өтетінін және беташар болатынын айтты.