сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 7 16.02.2023 11:28

"Тағы не болды?": Тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялады

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

"Жолдар бар, жалғыз жүріп өтетін, Сәттер бар, соңғы нүктені қоятын. Жағдайлар бар, қоштасуға тура келетін, Адамдар бар қайта оралуға болмайтын", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Ал желі қолданушылары жазба астына түрлі пікір қалдырып, актриса үшін алаңдаушылық білдірген.

"Бастысы балаларың жаныңда. Жалғыз да бақытты боласың", "Екі жастың ортасына есі кеткен түседі", "Хайп шығар", "Тағы не болды?", "Өзің білесің, өмір сенікі", "Жұлдыз, сонымен не болды? Түсіне алмадық", - деп жазды желідегілер.