сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 164 16.02.2023 18:14

Дариға Бадықова күйеуі туралы айтты

Фото: fil.kz

“Келінжан” сериалындағы Айсара рөлімен танымал болған Дариға Бадықова не себепті күйеуінің көпшілік алдына жиі шықпайтынын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

 

Оқырманның: “Күйеуіңізді неге жиі көрсетпейсіз?” деген сауалына актриса: “Шынымды айтсам, күйеуім әдемі жігіт. Көз тиеді. Бақыт тыныштықты жақсы көреді. Жыртыңдап сала бергім келмейді. Бойшаң, көзі үлкен ер жігіттерді іздеуші едім, сұрағанға берді, шүкір”, – деп жауап берді.

“Күйеуіңіз қызғанбай ма?” деген оқырман сұрағы да жауапсыз қалмады. 

“Жоға, қызғанышына қарап отыратын уақыт жоқ”, –  деді актриса.