сенбі, 6 шілде 2024
Шоу-бизнес 5 17.02.2023 10:24

Тәуекел Мүслім анасымен қажылыққа барды

©instagram.com/mussilim

Танымал актер Тәуекел Мүслім анасы екеуі Меккеге қажылық парызын өтеуге барды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

 

Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram-дағы парақшасында жазып, суреттер жүктеді.

“Құрметті жамағат, өздеріңіз көргендей анамды қасиетті мекенге алып келдім. Анам дән риза. Бір нәрсені айтқым келеді ата-анаңыздың қауқары бар кезде Алла алдындағы ақысын өтеуге мүмкіндік жасаңыз. Себебі жасы ұлғайған сайын бұл мүмкіндік ата-анаңыздан және сізден алыстай береді”,- деп жазба қалдырды Тәуекел.

Актердің анасының суретін көрген желі қолданушылары оны Тәуекелдің жары Махаббатқа ұқсатқан.

“Әйеліңіз анаңызға ұқсайды екен”, “Жұбайыңыздың анасы екен деп ойлап қалдым”, “Ер адам анасына ұқсайтын қыз іздейді” деп бекер айтпаған”, – деп пікір қалдырды желідегілер.